$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Елордада "Astana International Forum 2025" өтеді

13.05.2025ж. 20:00
222
Елордада "Astana International Forum 2025" өтеді

Мамыр айының соңында Астанада Халықаралық форум өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Жиын барысында 39 панельдік сессия ұйымдастырылмақ.  Оның 10-ы әлемдік көшбасшылардың жеке қатысуымен болады.Форум бағдарламасы «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік», «Энергетика және климаттың өзгеруі», «Экономика және қаржы» деп аталатын  үш негізгі тақырыптан тұрады.

СӘУЛЕ САБИЕВА, ҚР ЭТРМ КЛИМАТТЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Форум - әлем елдерінің назарын маңызды мәселелерге аудартатын алаң. Бұл жиында жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси шиеленістер жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастық туралы сөз қозғалады. Форум әлемдік көшбасшыларды біріктіреді. Біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.