Астанада «Сөйле» спикинг клубының кезекті сабағы өтті. Жоба 2023 жылдан бері «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен жүзеге асып келеді. Екі жыл ішінде 5000-нан астам адам қатысып, 2644 сабақ пен 115 іс-шара өткізілген. Бұл жолғы сабақтың ерекшелігі — арнайы қонақтардың қатысуы. Олар тіл үйренушілермен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
МАКСИМ РОЖИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мен осындай клубтарға көп барып тұрамын. Көп жағдайда бұл жерге мотивациясы бір, сол орта таппаған немесе белгілі бір сұрақтары бар, азаматтар жиналады. Бұл үлкен көрсеткіш, өйткені, азаматтар өз ниетімен келіп, алтын уақыттарын бөліп, мемлекеттік тілге арнап жатыр.
ЕРЖАН ХАМИТОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Олар тек қана осы ауызекі тілде сөйлесу ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдени іс-шараларға да қатысып, Қарапайым өмірде қолданылатын сөздерді тез үйреніп кетуге талпынуда. Жалпы республикамыз бойынша 12 аймақта осы клубымыз сәтті жүзеге асуда.