$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

13.05.2025ж. 20:00
69
Елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туынды  – қазақстандық Almapictures және татарстандық Татаркино киностудияларының бірлескен жобасы. Сюжет татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың «Алмачуар» атты әңгімесіне негізделген. Зәкір есімді бала мен оның Тарлан атты тұлпары арасындағы жүрек тебірентерлік достық хикаясы  баланың ер жетуі, жалғыздықпен күресі және ішкі рухани дамуы тақырыптарын қозғайды. Басты кейіпкер шынайылықты, адалдықты және түсіністікті жануар досынан табады.   Бұған дейін бұл туынды халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Оның әлемдік премьерасы Оңтүстік Кореяда Filming Award кинофестивалінде өтіп, «Үздік фильм» номинациясында топ жарған.

АЛМАГҮЛ ТІЛЕУХАНОВА, «ТАРЛАН» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ:

Бұл әңгіме болғандықтан, сол әңгіме желісінде ақырын-ақырын келе жатады да финалы өте сондай адамның жүрегін қозғайтындай туынды. Менің айтарым балаларға және жасөспірімдерге қарайтын кино.