$510.06 €566.32 ₽6.32
×

"Заң мен тәртіп": Астаналық оқушылар сайысқа түсті

"Заң мен тәртіп": Астаналық оқушылар сайысқа түсті

Астаналық оқушылар "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында сайысқа түсті. Аудандық кезеңнен оза шапқандар қалалық байқауда бақ сынады. Театрландырылған қойылым негізінде өткен сайыста оқушылар қазіргі балалар арасындағы мәселелерді сахналады. Қала әкімдігі мен прокуратураның бірлескен шарасы көрерменнің көңілінен шықты.

«Заң және балалар: қатесіз болашақ». Осы атаумен өткен шара балалардың құқықтық санасын дамытуға, мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Финалдық бәсекеге жолдама алған 6 мектептің оқушылар қазіргі жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан құқықбұзушылықты қойылым арқылы түсіндіруге тырысты.

ЗАҢҒАР ИСАҚ, ҚАТЫСУШЫ:

Көріністе біз интернетке тәуелді баланы құндылық пен заңның арқасында өз қателігін түсінуге көмектескенімізді түсіндіргіміз келеді.


ЖАНЕРКЕ ҚУАНДЫҚОВА, ҚАТЫСУШЫ:

Біз бала болғандықтан көптеген қателіктер жасауымыз мүмкін. Бұл біздің болашағымызға кері әсерін тигізеді.  Ал бұл жоба арқылы біз балаларға бұл қателіктерді жасамауға, болдыртпауға шақырамыз.  


Мамандар әр қойылымнан көрермен өзіне қажетті бір ой түйсе, біздің мақсатымыз орындалғаны, дейді. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шара енді жыл сайынғы дәстүрге айналуы мүмкін.

СЕРІК ӘДІЛБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өсіп келе жатқан оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Өздерінің қойған театрландырылған қойылымдары арқылы, мазмұны арқылы, сюжеті арқылы оқушылардың сана-сезіміне жеткізу заң мен тәртіп бүгінгі қоғамда басты мәселе екенін.


Командалар қойылым барысында телефонға телмірген жеткіншектер, әлімжеттік көрсеткен сотқарлардың тірлігі ерсі екенін көрсетті. Байқау жеңімпазы - №17 мектеп пен барлық қатысушы командаларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.