"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғалы Оралда оңды өзгерістер біліне бастады. Туған жерін таза ұстауға ұмтылған жастардың арқасында өзен жағалауы мен орман алабы қала берді көпқабатты үйлердің ауласы қоқыстан тазарды. Бүгін студенттер шаһар шетіндегі орман алабын тазартты. Сай жағасына төгілген түрлі тұрмыстық қалдықтар, былтырғы су тасқынынан кейін жиналып қалған қоқыс шығарылды. Бұл бастама бүгінде батыс өңірде жалпыхалықтық сипат алғандай. Тазалау жұмыстарына былтырдан бері 138 мыңнан астам адам ат салысып, мыңдаған тонна қоқыс шығарылыпты.
АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін енді әдеттегідей сенбілік емес, байқау ретінде, үздік қоқыс жинаған, өзін осы сенбілік аясында үздік, жоғары деңгейде көрсете білген жастарымызға арнайы сыйлықтарымыз бар. Яғни, жастарды ынталандыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі деп айта аламыз.