$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Алматыда полицейлерді балағаттаған азамат ұсталды

AstanaTV
13.05.2025ж. 21:17
105
Алматыда полицейлерді балағаттаған азамат ұсталды

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан дәмханалардың бірінің маңында құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"102" жедел басқару орталығына алкогольдік масаң күйдегі белгісіз азаматтың қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларды қорқытып, агрессивті әрекеттер жасап жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жасағы жетіп, құқық бұзушыны сабырға шақыруға тырысқан. Алайда ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, олардың ар-намысы мен абыройын көпшілік алдында қорлап, арандатушылық әрекеттерін жалғастырған. Нәтижесінде азамат ұсталып, аудандық полиция басқармасына жеткізілді.