NASA және Жапониядағы Тохо университетінің ғалымдары Жер бетіндегі тіршіліктің қашан жойылатынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Daily Star басылымының жазуынша, олар суперкомпьютер көмегімен бұл оқиға шамамен 100002021 жылы болады болжаған.
Мамандар биогеохимиялық және климаттық модельдерді біріктіріп, атмосферадағы ұзақ мерзімді өзгерістерді болжау үшін есептеу техникасын қолданған. Ғалымдардың айтуынша, уақыт өте келе температура біртіндеп жоғарылап, Күн белсенді бола түседі, ал атмосферадағы оттегі деңгейі төмендейді.
Зерттеушілер Кадзуми Одзаки мен Кристофер Рейнхардтың айтуынша, атмосферадағы жоғары оттегі мөлшері — уақытша құбылыс. Уақыт өте келе ол бүгінгі тіршілік формаларының өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендейді.
Біздің зерттеу тіршілікке қолайлы планеталарды Күн жүйесінен тыс жерден іздеудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл – адамзаттың аман қалуының бір жолы, – деп мәлімдеді ғалымдар.