Ол кінәсін бірден мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 11 мамырда сағат 03:15 шамасында Павлодар қаласында «TOYOTA» көлігіндегі ер адам тоқтатылды. Оның есірткі пайдаланғаны белгілі болды. Медициналық сараптама жүргізушінің каннабиноидтарды қолданғанын дәлелдеді.
Әлеуметтік желіде бұл жағдай туралы жарияланып, желі қолданушылар бұзушының аты-жөні, тегі және туған күніне қарап, «Damir Frank» лақап атындағы әнші деп таныды.
Істі Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.
Сот отырысында ол өз кінәсін толығымен мойындап, жасалған қылмыстың мән-жайын дауламады. Оның сөзінше, ол бірнеше күн бұрын моншада анаша тұтынатын адамдардың қасында тұрғаның түсіндірді. Медициналық сараптаманың қорытындысымен келісіп, қайта тексеруден өтпеді.
– Сот азаматты ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.