$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Атырауда суға кеткен 17 жастағы спортшының мәйіті табылды

AstanaTV
14.05.2025ж. 13:14
93
Атырауда суға кеткен 17 жастағы спортшының мәйіті табылды

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі, хабарлады деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іздеу жұмыстары 3 мамырда басталды.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағыстың қатты болуы, бөгде заттардың кездесуі іздеу жұмыстарында қиындық туғызған. Алайда қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс жасап, түрлі құрал-жабдықтар пайдаланған.

Іздеу жұмыстарына 12-ден астам құтқарушы, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Сонымен бірге ПД қызметкерлері және кемесі де осы іске тартылды.

Сүңгірулермен 7140 шақырымда 21 рет су астынан іздестіру және ұзындығы 23700 метр, ені 70 метр болатын тралдау жұмыстары жүргізілген.

Осындай кең көлемде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 11 мамыр күні сағат 10:52 шамасында оқиға орнынан 2 шақырым жердегі қашықтықтан жігіттің денесі табылды.