$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент Астананың «жасыл белдеуін» аралады

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
2704
Президент Астананың «жасыл белдеуін» аралады

Астана төңірегінде қазір 80 мың гектар орман жайқалып тұр. 2020-шы жылға қарай бұл көрсеткішті 100 мың гектарға жеткізу көзделген.  Бұл туралы жасыл орман алқабын аралау барысында президент мәлімдеді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, «бұл жасыл алқап - біздің ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз» дейді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Орман - жердің көркі, елдің байлығы" деген сөз бар. Астана төңірегі көк желекті болу үшін біз 98-ші жылдан бері, 20 жыл уақыт бойы орман отырғызып келеміз. Ғалымдардың айтуынша, бұл екінің бірінде болмайтын, Қазақстандағы ең бір шешілген мәселе болып табылады. Бұл ТМД аймағында мұндай жоқ.

Мұнда 9 мыңға тарта түп өсімдік түрлері жапырақ жайған. Сондай-ақ орман алқабында көптеген жан-жануарлар мен құстардың түрі көбейіп келеді. Қазақстанның климатына төзімді кейбір аң құстар басқа елдерден арнайы әкелінген. Олардың бірсыпырасы бүгін Елбасының көзінше бостандыққа жіберілді