Талдықорғанда автобус жүргізушісі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өкінішке қарай, мектеп оқушысы оқиға орнында жан тапсырған. Жол апаты кеше қаланың қақ ортасындағы Абай мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Жасөспірім сабағы аяқталып, мектептен үйіне қайтып бара жатқан көрінеді. Ал тұрғындар апат болған маңда ұзақ уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Олар «екі көшенің қиылысы жаяу жүргіншілер үшін аса қауіпті» дейді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, жүргізуші қамауға алынды», – деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қалықова.