$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

AstanaTV
14.05.2025ж. 17:15
103
Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Компанияның табысы:

2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскен.

Іске қосылған инфрақұрылымдық жобалар:

Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді;

Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады;

Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды;

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.

Инвестициялық жобалар:

биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталды;

Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Мәмілелер:

Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы:

Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.

Президент тапсырмасы:

компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру;

инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия, Еуропа және АҚШ-тағы әлемнің ең ірі қорларымен ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті.