$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Түркияның Ақтеңіз аймағында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
14.05.2025ж. 18:01
83
Түркияның Ақтеңіз аймағында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Түркияның Ақтеңіз аймағында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Жерасты дүмпуі Мұғла провинциясы Датча ауданынан 155 шақырым қашықта орналасқан. Елдің Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зілзала Анталия, Измир өңірлерінде де сезілген. Жергілікті билік тұрғындарды тағы да қайталанатын дүмпулерге дайын болуға шақыруда. Табиғи апаттан ешқандай нысан қирамаған. Адам өлімі жоқ.

«Дегенмен, Түркия сейсмикалық белдеуде орналасқан ел екенін ұмытпаған жөн», - дейді мамандар. Сондай-ақ Грекияның кейбір аралдарында да жерасты дүмпулері байқалды. Жергілікті билік 6,3 балға дейінгі тербеліс тіркелгенін мәлімдеп, цунами қаупі туралы ескерту жариялады.