$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті

AstanaTV
14.05.2025ж. 18:51
67
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті

“AMANAT” партиясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды. Таңғы 7.00-де 6 команда Алматы облысы, Іле ауданы Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласында аяқтады.



  Бес күн, яғни 500 шақырым қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын иегері - Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.