$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025ж. 20:00
53
Мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады. Себебі көлік саласындағы ахуал сын көтермейді. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысында айтты. Президент «Жасыл дәліз» жүйесін ұйымдастырып, еліміздің логистикалық әлеуетін оңтайлы пайдаланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуі тиіс. Сондай-ақ, жүк тасымалы көлемін арттыру үшін нарықты авиаотынмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету қажет. Осы арқылы елімізден өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайтып, соның ішінде әлемдік жеткізу тізбегіне қосылу міндеті қойылды.  Президент көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.