$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Президент тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өтті

14.05.2025ж. 20:00
62
Президент тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өтті

Президент тарапынан айтылған сынды ескере отырып, негізгі инфрақұрылымдық жобалардың мерзімін қысқартамыз. Қауіпсіздік кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмалар бойынша жиын өткізген Олжас Бектенов осылай деді.  Қазақстан аумағында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту бойынша көрші елдермен уағдаластықтарды сапалы әрі уақтылы іске асыруға назар аударылды. Сондай-ақ,  еліміздің нарығын қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға екі күн мерзімде жергілікті жерлердегі жұмыстарды бақылау мақсатында өңірлерге барып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау тапсырылды.