$506.21 €568.42 ₽6.3
×

"Армения - Қазақстан үшін маңызды әріптес", - Е. Қошанов

14.05.2025ж. 20:00
137
"Армения - Қазақстан үшін маңызды әріптес", - Е. Қошанов

Сондай-ақ Ален Симонянмен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та кездесті. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Арменияның Оңтүстік Кавказ аймағындағы Қазақстан үшін маңызды әріптес екенін атап өтті. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен заң шығару жұмыстары жайында хабардар етті. Өз кезегінде Ален Симоян парламенттер арасындағы қарым-қатынасты жандандыру қажеттігіне назар аударды. Оның елі Қазақстан билігі мен халқының армян диаспорасына деген көзқарасын жоғары бағалайтынын жеткізді. Бұдан бөлек қос тарап экономика, логистика, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәлелелерін де талқылады.