$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Сенат төрағасы Ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысты

Сенат төрағасы Ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысты

Ғарыш саласындағы жұмысты жетілдіру үшін кадр тапшылығын шешуге ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы Сенат төрағасы айтты. Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен Ұлттық ғарыш орталығына барып, ғарыш аппараттарын шығаратын құрастыру-сынау кешенінің қызметімен танысты. Саланы дамытуға арналған жобаларды іске асыру барысын талқылады. Сенат төрағасы білім беру сапасын арттыруға, ұлттық спутниктік бағдарламаны дамытуға және жобаларды коммерцияландыруға көңіл бөлу керек екенін жеткізді.