Депутат Жанарбек Әшімжанов Мәжіліс отырысында әріптесі Ерлан Саировқа өлең арнады.
Жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылау барысында мәжілісмен ЧатДжиПиТиге Ерлан Саировтың депутат, саясаткер, Шығыс Қазақстан облысының тумасы және олигархтармен аяусыз күресіп жатыр деп ақпарат берген. ЧатДжиПиТи ұзақ ойланбастан бес шумақ өлең жазып шығарды. Осылайша Жанарбек Әшімжанов жасанды интеллекттің дамуымен елде ақын-жазушылар қаптап кетпей ме деген мәселе көтерді.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазір әлеуметтік желіде осындай қаптап жатыр. Жасанды интеллект туындыларына ешқандай авторлық құқық иесі жоқ. Технологиялық, коммуникациялық, инфрақұрылымдық тұрғыдан сөз жоқ керек. Ал енді шығармашылық тұлғалар, ақын-жазушылар, драматургтер қаптамай ма деген ұғым жоқ емес.