Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтауда көгілдір отын бағасы 5 теңгеге қымбаттады

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
2397
Ақтауда көгілдір отын бағасы 5 теңгеге қымбаттады

Ақтауда газ бағасы көтерілді. Сұйық отынның 1 литрі 5 теңгеге қымбаттап, 40 теңгені құрады. Бұл жағдайға энергетика министрлігінің көгілдір отынға республика бойынша бірыңғай тариф қою туралы шешімі әсер еткен. Бұған дейін газдың бір тоннасы 28 000 теңге тұрған еді, қазір оның құны 34 319 теңгеге жетті. Қымбаттау 23 пайызды құраған.

Ақтаулық көлік жүргізушілер жеке фирмалардың осыны пайдаланып үлгергенін айтады. Бірнеше күн бұрын кей бекеттер жабылып, маңдайшасына «газ жоқ» деген хабарламалар ілінген көрінеді. Ал, мемлекеттік жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Дегенмен, жергілікті билік көгілдір отынның қымбаттауына қарамастан, бұл өңірде қалыптасқан баға басқа облыстармен салыстырғанда, ең төмен деп отыр. Кей аймақтарда оның құны литріне 63 теңгеге жеткен.

Бақыт Бекмұратов, МО ТМР бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Жеке кәсіпкерлер олардың үстінен жүргізілетін бақылаудың тиісті деңгейде болатынын түсінсе деймін. Әрине, бұл нарық. Бірақ тұтынушылардан арыз-шағымдар түсіп жатса, біз мәселеге араласып, қолжетімді баға бекітуге толықтай құқығымыз бар екенін айтқым келеді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ