$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Павлодарда ескерткішті қорлаған жасөспірімдер жазаланды

14.05.2025ж. 20:00
62
Павлодарда ескерткішті қорлаған жасөспірімдер жазаланды

Павлодарда ескерткішті қорлаған жасөспірімдер жазаланды. 15, 16 жастағы колледж студенттері соғыста қаза тапқан құрбандарға арналған ескерткіш тақтаның артында ұятсыз би билеген. Тіпті, "ұятты жерлерін" ескерткішке қаратып бейнежазба түсірген. Оны "тикток" желісі арқылы "ескерткішті қорлау" деп жүктеген. Бұл өңір тұрғындарының ашуын тудырды. Сотта жасөспірім қыздар Жеңіс күні қарсаңында өзге қыздармен бейнеролик түсіру үшін барғанын айтты. Ал "ұятсыз биді" әлеуметтік желідегі трендті қайталау үшін түсірген. Алайда, ескерткішті қорлау екенін білмепті.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Сот ұсынылған материалдарды қарап, кәмелетке толмаған екі қызды әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 АЕК 39 320 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.