Лифтіге «мәйіт» кіргізіп, пранк жасаған. Танымал блогер Астанадағы ғимараттардың біріндегі жеделсатыда тұрғындармен осылай әзілдескен. Осылай қалжындасмыз деп ойыннан от шығаратындар көп. Олар қалай жазаланбақ? Толығырақ тілші сюжетінде.
Блогер мен оның достары лифтке өлген адамның рөліндегі «актерді» тастап кетіп, жарықты өшіреді. Ал сол жерде мәйіт тіріліп кетіп, жеделсатының ішіндегі жігіттің зәресін алады. Артынша блогер мұны пранк деп атап, жігітке стоматологияға 30 мың теңгелік сертификат сыйлаған. Ол осылайша тіс емханасына жарнама жасапты. Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сынға алып жатыр.
БЛИЦ:
- Бала талып қалса ше немесе ауырып қалса, не деген дүлейсіңдер, мұндай пранк бола ма екен.
- Мына жақта отырып мен қорқып кеттім
- Пранк деп Алла сақтасын адам өліміне себепкер болып қалмаңыздар.
Шынымен де қазір қаралым жинау үшін екінің бірі «пранк» жасауды әдетке айналдырған. Жұрттың көзінше жанжалдасып, төбелес шығарып, дереу қалталарынан пышақ алып шығып, оны бір-біріне сұғып құлатып, елдің есін алатындарды депутат Мақсат Толықбай тию керек дейді. Оның айтуынша, бұл - қолдарындағы қару кедергіге тап болғанда жүзі ішіне кіріп кететін пышақтар. Депутат «ендігі жерде біреу пышақ ала жүгірсе, адам оның шын я өтірік екенін болжап тұруы қажет пе?» деген ойын айтты.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қалжыңдамақ болған адамның қан қысымы көтеріліп кетсе, жүрек талмасы ұстаса, оған кім жауап береді? Түптің түбінде сөз құқық қорғау орындарына келеді. Сондықтан адам қорқытып, қоғамды қауіпті қылып көрсетіп оны желіге жүктегендерді жүгендейтін кез келді.
Елордада жыл басынын бері қоғамдық орында пранк жасаған 5 адам жауапкершілікке тартылды.
АЗАМАТ ӘЖІБАЕВ, НҰРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕР БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Әрбір осындай желіде тараған видеолар басқа да блогерлердің іс-әрекеттері бізде Астана қаласы полиция департаментімен мониторинг жүргізіліп отырады. Осы жақын уақытта Астана қаласында лифтіде пранк жасаймыз деп өтірік тапанша қолданбақшы болады. Адамдар шошып шектен шығып кетеді. Жаңағы адамды тауып жауапкершілкке тартқан болатынбыз.
Заң бойынша пранкерлерге 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай әрекетін бір жылдың ішінде қайталаса, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 40 мың теңгедей айыппұл немесе бес тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.