$506.21 €568.42 ₽6.3
×

"Ұлттық қор-балаларға" жобасы арқылы 400-ге жуық адам баспана сатып алды

14.05.2025ж. 20:00
94
"Ұлттық қор-балаларға" жобасы арқылы 400-ге жуық адам баспана сатып алды

"Ұлттық қор-балаларға" жобасы арқылы 400-ге жуық адам баспана сатып алды. Бұдан бөлек жинақталған қаржысын бастапқы жарна ретінде құйып, үйлі болғандар да бар. Олардың саны 450-ге жуықтайды. Ал 40 мыңнан астам азамат Ұлттық қордан түскен ақшасына оқу ақысын төлеген. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында.

Қайырлы кеш! Эфирде "Экономика", студияда мен Сүндет Оралбек.

Ұлттық қор – балаларға. Былтыр басталған жоба арқылы 97615 жасөспірім 11 млн доллардан астам қаржыны өз қажетіне жаратқан. 56 мың адам 6,70 млн долларын баспаналы болуға жұмсады.  Тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы шотын толықтыруға 55 мың адам өтініш білдірген. Ұлттық қордың қаржысын бастапқы жарна ретінде пайдаланғандар да жетерлік. 442 адам 49 мың долларды осы мақсатта жаратты. Өзіне тиесілі ақшаға баспана сатып алғандар да бар. Олар 400-ге жуықтайды.  40 мыңнан астам азамат оқу ақысын төлеген. Білім алуға жұмсалған қаржы  шамамен 4жарым млн доллардан асып жығылады.

11,49 млн долларға 97 615 өтініш мақұлданды 

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға  56 937 өтініш 

Шоттарын толықтыруға 6,55 млн доллар 

Бастапқы жарнаға 49,94 мың доллар

Үй сатып алуға 38,57 мың доллар

Оқу ақысын төлеу  40 678 өтініш

Бөлінген қаржы 4,79 млн доллар

Еліміздің тұмса табиғатын тамашалауға келетін туристер қатары жыл сайын артуда. Былтыр 2 млн 800 мың экосаяхатшы көрікті жерлерді көру үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұрған. Ал 2023 жылы 2 млн 400, 2022-де 2 млн турист келген. Осылайша соңғы үш жылдағы өсім 40 процентке жетті. Саяхатшылар көбіне Іле-Алатау ұлттық паркіне, Шарын шатқалына, Алтынемел және Көлсай көлдеріне, сондай-ақ, Шығыстағы көз тартар көрікті жерлерге көптеп барады.

Ұн мен астық экспорты 34 пайыз өсті.  Ауғанстан мен Өзбекстанда сұраныс жоғары. Одан бөлек жаңа нарыққа да жол ашылған. Мароккаға 60 мың тонна астық жіберілді. Тағы 60 мың тонна жіберу жоспарланған. Вьетнамға да 15 мың тоннаны жөнелтуіміз мүмкін. Біріккен Араб Әмірліктеріне ұн мен астықтың алғашқы партиясы жөнелтілді.  

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін  507 теңгеден саудалануда. Еуро 573, Ресей рублі 6,38 теңге болды.

Доллар 507 теңге

Еуро 573 теңге

Рубль 6,38 теңге

Мендегі бар ақпарат осы. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!