Бюджетті толтыру үшін Үкімет салық кодексінің жаңа саясатын ұсынып отыр. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай дейді. Айтуынша ел бюджетіне 10 трлн теңгеге жуық қаражат жетіспейді. Сол үшін кей тұста салықтарды ерте түсіруге тура келеді. Бюджетті толтырудың жаңа жолдарын іздеуде енді Үкіметтің нақты позициясы бар. Қазір Үкімет пен депутаттар ортақ келісімге келді дейді мәжілісмен.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Келіспейтін тұстарымыз болды, оның ішінде жаңағы құн салығы, өзіңіз бойынша айтқан, басында Үкімет 20 пайыз деп келді, кейін 16 пайызға дейін төмендеттік. Соның шекті сомасын 80 млн-нан олар 15 млн-ға түсіреміз деді, біз оны 40 миллионға дейін көтердік мысалы. Бір белгіленген нормалар бойынша біз өзіміздің пікірімізді білдіртіп, жалпы ортақ бір консенсөзге келдік.