$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ережеге қол қойылды

Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ережеге қол қойылды

Түркістанда түркі мемлекеттері орталық сайлау органдарының төрағалары бас қосып, орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы туралы Ережеге қол қойды. Бұл құжат ұйымға мүше елдердің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнатып, өзара түсіністікті нығайтуға сеп болмақ. Конференцияда тараптар сайлау науқанын ұйымдастыруда өз тәжірибелерімен бөлісіп, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етудегі жаңа технологияларды дамытудың жолдарын қарастырды. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен  Мажарстанның орталық сайлау органдарының басшылары түркі мемлекеттері үшін маңызды құжатты бірауыздан қолдады.

ТЫНЧТЫК ШАЙНАЗАРОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асты. Біз бұны қолдаймыз. Бұл бір табиғи үндестік деп атап өткім келеді. Өйткені түркі мемлекеттері арасындағы интеграциялық байланысты қарайтын болсақ, ол кең ауқымды, жан-жақты, барлық салада жүріп жатыр. Сондықтан бүгінгі құжат түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенімді айта аламын.


Бұл құжат сайлау және референдум  кезінде халықаралық байқау миссияларын ұйымдастыру арқылы көпжақты ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға мүмкіндік береді ,- дейді мамандар. Сондай-ақ жаңа ереже ТМД елдерінің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнатуға ықпал етпек.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жаңа тәжірибе, жаңа білім, жаңа тәсіл. Сайлау жүйесін ары қарай дамыту, сайлау кезіндегі қолданатын әртүрлі заманауи технологиялардың осыған байланысты жаңалық есту, ол  жөнінде пікір алмасу  шараларға да мүмкіндік береді.