$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Жамбыл облысында қарулы полиция қызметкері ұсталды

AstanaTV
14.05.2025ж. 23:06
101
Жамбыл облысында қарулы полиция қызметкері ұсталды

Тараз қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жамбыл облыстық полиция департаментінің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасында аға инженер болып жұмыс істеген полиция майорын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тұрғылықты жерін тінту барысында Калашников автоматы, 12 калибрлі шолақ мылтық, төрт Макаров Р-411 тапаншасы, түрлі калибрлі 400-ден астам оқ-дәрі, автомат пен мылтыққа арналған жабдықтар және мылтық тазалауға арналған құралдар табылып, тәркіленді.

Қазір тергеу жүріп жатыр, басқа мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін ел аумағында 360-қа жуық қару, граната және оқ-дәрі тәркіленгені хабарланған. Сондай-ақ Астанада екі ер адамнан 270 келіден астам есірткі мен қару табылған.