$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Елімізде ҰБТ өтетін күндер ауысты

AstanaTV
15.05.2025ж. 07:00
139
Елімізде ҰБТ өтетін күндер ауысты

Еліміздің Ұлттық тестілеу орталығы 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілген.

23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.

24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.

Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, сізге SMS-хабарлама жіберіледі, - делінген мәліметте.