$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Иранда құмды дауыл cоғып, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды

AstanaTV
15.05.2025ж. 09:03
60
Иранда құмды дауыл cоғып, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды

IRNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, аймақтық дағдарыс орталықтары мен төтенше жағдай комитеттері оқу орындарын уақытша жабу туралы шешім қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz.

Құмды дауыл елдің батыс өңірлерін толық қамтыды. Батыс Әзербайжан, Күрдістан және Зенджан провинцияларында, сондай-ақ Шығыс Әзербайжанда мектептерде сабақтар мүлдем тоқтатылды.

Тебриз қаласында барлық мемлекеттік мекемелер мен банктердің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Иран метеорологиялық қызметінің мәліметінше, алдағы сағаттарда құмды дауыл Альборз провинциясына және ел астанасы Тегеранға таралуы мүмкін.