Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым - демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым - демалыс, 7 маусым - жұмыс күні, 8 маусым - демалыс.
ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт басталатын күн мамырдың соңына қарай нақты жарияланады, бір күнге ауысуы да мүмкін.
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.