Алматы қаласының Жетісу ауданында 39 жастағы еңгезердей еркек әжейдің үйіне басып кіріп, ақшасы тартып алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең қысқа мерзімде күдікті анықталып, ұсталды. 39 жастағы ер адам түнгі уақытта қарт әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде ақшасын тартып алған.
«Бөлімше қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекетінің арқасында күдікті анықталды және ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.
Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы болуға және қандай да бір қауіп төнген кезде полицияға хабарласуға шақырады.