Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі туған күнінде не себепті қымбат сыйлық алғанын баяндап, балалық шағынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әңгімені осы күнге жеткізген ата-анасынан бастады.
“Бала күнімнен ата-анам адал еңбек етіп, үлкендерден бастап, жан-жақтағылардың бәріне көмектесті. Мен де соны көріп өстім. Мәселе адамның қолында бар немесе жоғында емес. Адамның пейілі мен адамгершілігінде екен. Кең болсаң, кем болмайсың. Үшеумізді де солай өсірді. Одан кейін өзімнің жүрегім жұмсақ. Оның өзінің зиян жағы бар екен. Бірақ берушілердің қатарынан болсам да, алатын дүнием де көп екен. Кеше туған күнімде соны ойладым”, – деп жазды блогер.
Желі жұлдызының сөзінше, сіңлісі Динаның туған күнінде берген сыйлығы қатты жылатқан.
“Кешегі кішкентай Динамның берген сыйлығы еріксіз көңілімді босатты. Мәселе, берген затында ғана ма?! Сыйлықтың үлкен немесе кішісі жоқ. Бауырымның адал еңбек етіп, мені қуантқысы келетінін көргенде қатты жыладым. Қуана алатыныма, шүкірлік ете алатыныма көзім жетті. Себебі мен тірі адаммын”, – деп жазды Фариза.