$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы бірқатар министрліктермен меморандумға қол қойды

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
2659
«Нұр Отан» партиясы бірқатар министрліктермен меморандумға қол қойды

Мектеп бітірген жастардың ешбірі мемлекет қамқорлығынсыз қалмауы керек. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы мен Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері арасында жаңартылған төртжақты меморандумға қол қойылды. Мақсат - Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейді жинай алмаған түлектерді оқыту, жұмысқа орналастыру арқылы өмірден өз орнын табуына жағдай жасау.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасымыздың тапсырмасын орындау үш үлкен мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді: мектеп бітірген жастар мемлекеттің қамқорлығын сезініп, бірден жұмыспен қамтылады, мамандық игереді және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. Бірде бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс деп білеміз.

Мектеп түлектерінің болашағы үшін партия тиісті министрліктермен бірлесіп, арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл топ жағдайды ұдайы бақылауда ұстап, дер кезінде қажетті шараларды қабылдайды. Жұмыс еліміздің барлық аймағын қамтиды. Отырыста сөз алған Білім және ғылым министрі қажетті бал жинай алмаған жастардың әлі де мүмкіндігі бар деді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

88595 бала қатысқан. Оның ішінде 74 517 баламыз тестілеу жақсы тапсырып, енді әрі қарай ЖОО-на түседі деп есептейміз. Тиісті деңгейінен өтпеген 14 066 бала енді оларға өту балын жинай алмаған түлектер 2-3 рет ҰБТ-ға баруға мүмкіндігі бар.