$506.21 €568.42 ₽6.3
×

"Жалынымды сөндірмейтін адам": Балжан Бидаш жақын арада тұрмысқа шығатынын жасырмады

AstanaTV
15.05.2025ж. 12:32
88
"Жалынымды сөндірмейтін адам": Балжан Бидаш жақын арада тұрмысқа шығатынын жасырмады
Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өмірінен сыр шертіп, оқырмандарының қойған сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тқрмысқа шығуға қатысты да жаңалығы барын жасырмады.

“Тұрмысқа шығу ойда бар. Тек қана сүюден бөлек, тыныс беретін, жалынымды сөндірмей, қайта биікке көтеретін мықты, өзіне сенімді адам керек екенін өмір түсіндіріп жатыр. Ең бастысы, маған не керек екенін жақсы түсінемін. Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын. Мүмкін, ол күндер де алыс емес”, – деп жазды әнші.

Одан кейін ажырасып кеткен қыздарға кеңес беріп, батыл болуға үндеді. “Ажырасқаннан кейін өзімді жоғалтып алдым” деген оқырман хатына жауап берді.

“90 пайыз қыздарда болатын дүние. Неге өзімізді жоғалтамыз, өйткені іштегі қалауымызды айта алмаймыз. Жеке шекарамызды қорғай алмаймыз. Ашық сөйлесе алмаймыз. Көңілі қалмасын деп бәріне келісе береміз кейін өзімізді ұмытамыз. Батылдық жетіспейді. Қазақша тәрбиеміздің де әсері бар. Адамды жоғалтып алудан қорқып, манипуляцияның құрбаны боламыз. Әйелдің жай-күйі еріне тікелей байланысты. Күйеуің бәрінен шектемей, артық миыңды ашытпаса да бақытты болмасаң, онда мәселе – өзіңде. Өмірдегі тепе-теңдікті дұрыстай біл”, – деді Балжан Бидаш.