$510.58 €571.8 ₽6.34
×

23 жастағы танымал блогерді тікелей эфирде атып кетті

AstanaTV
15.05.2025ж. 14:39
101
23 жастағы танымал блогерді тікелей эфирде атып кетті
Фото: Oxu.Az

Мексикада танымал TikTok блогері, 23 жастағы Валерия Маркес тікелей эфир жүргізіп отырған сұлулық салонында оққа ұшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Запопан қаласында орын алған. Қарулы адам сұлулық салонына баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған. Шабуыл нәтижесінде Валерия Маркес оқиға орнында қаза тапты.

Халиско штатының прокуратурасы оның қазасын растады және бұл іс бойынша қасақана адам өлтіру фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Тікелей эфир кезінде бейнежазбада біреудің Валерияға белгісіз адамдардың жақындап келе жатқанын ескерткен даусы естіледі. Бірнеше секунд өткен соң атыс басталып, эфир үзіледі — телефонды, болжам бойынша, шабуыл жасаушылардың бірі тартып алған.