$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Астанада Ұлы Дала даңғылы бірнеше күнге жабылып қалды

AstanaTV
15.05.2025ж. 16:02
71
Астанада Ұлы Дала даңғылы бірнеше күнге жабылып қалды
Фото: istockphoto.com

Астанада жөндеу жұмысына байланысты Ұлы Дала даңғылы бірнеше күнге жабылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Ұлы Дала Мәнгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылына орташа жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты, 14-17 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.