$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енді

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
3216
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енді

Міндетті медициналық сақтандыру аясындағы алғашқы жарна 25-ші тамызға дейін төленуі тиіс. Бұл туралы сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова айтты. Алматыда жаңа жүйенің енгізілу барысы пысықталған жиын өтті.

Жалақының 1 пайызы көлеміндегі жарнаны алғашқылардың бірі болып жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударады. 2020 жылға қарай  төлемнің мөлшері 3 пайызға артады. Жеке бизнесмендер, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар екі айлық көрсеткішінен өздері үшін 5 пайыз жарна аударады. Қаражат халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмақ. Науқастар қордағы ақшасын пайдалана отырып кез-келген аурухананы таңдай алады. Сақтандыру ставкалары жыл сайын артып отырмақ.

Елена Бахмутова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы жарнаны 25 тамызға дейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеуі міндетті. Ұлттық банктегі сақтандыру қорының активтері  тек ғана медициналық қызметті пайдалануға қолданылатынын ексертеміз. Бұндағы жинақталған қаражат 2018 жылы халық саулығы үшін жұмсалатын болады. 

Қорға төлемді уақытылы аудармаған жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қарыз сомасының 50 пайызына дейін айыппұл төлейді. Министр Елжан Біртановтың мәліметінше,  Қазақстанда 6 миллионға жуық жеке кәсіпкер бар. Балалар, әскерилер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жарнаны мемлекет аудармақ. Қазір өзін-өзі еңбекпен қамтып, табыс тауып отырған азаматтар саны 2 миилионға жеткен. Келешекте олар да жарна аударуға міндеттеледі.

Елжан БІртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

Өз-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтардың да кірісі бар. Олардың басым бөлігі мемлекет қазынасына ешқандай түсім түсіріп отырған жоқ. Басқа жұмысшылардың қаражатынан күн көріп жүр. Бізде ресми еңбек ететін 5 миллион адам бар. Оның  барлығы уақытылы салығын төлеп отыр. Сондықтан өзін-өзі еңбекпен қамтып жүргендерге осы жаңа жүйе туралы түсіндіру керек.