$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Шымкентте 5 адамды қарақұрт шағып алған

AstanaTV
15.05.2025ж. 19:06
63
Шымкентте 5 адамды қарақұрт шағып алған
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды

Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастардың жағдайы тұрақты, амбулаториялық бақылауға алынған. Ал түнде түскен 9 жастағы бала жансақтау бөлімінде емделіп, аман қалды.

Биыл қарақұрттар жылдағыдан ертерек оянды. Сол себепті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау ескертіліп жатыр. Құтқарушылар аула мен үй айналасын тазартып, табиғат аясына шыққанда аса мұқият болуға шақырады.

Былтыр жаз мезгілінде 30 адам қарақұрттан зардап шеккен.