$485.11 €523.82 ₽5.02
×

"Қазақстан барысы-2017" турнирінің жеңімпазы анықталды

AstanaTV
03.07.2017ж. 20:00
8841
"Қазақстан барысы-2017" турнирінің жеңімпазы анықталды

Астанада "Қазақстан барысы-2017" турнирі өтті. Осыған дейін «Әскер барысы» атанып үлгерген Еламан Ерғалиев бұл жолғы доданың бас жүлдесін жеңіп алды. Екінші орын Алматы облысының атынан боз кілемге шыққан Ұлан Рысқұлға бұйырды. Шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров 3-ші орынды місе тұтты. Ұлттық спорт додасының жоғарғы деңгейде өтуіне еліміздегі жетекші саяси ұйым "Нұр Отан" партиясы бастамашы болды.

Қазақстан барысы атағын жеңіп алған балуан 25 миллион теңге сыйақы еншіледі. Және әрбір жеңісіне 100 мың теңгеден берілді. Биылғы турнирде 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 34 балуан бақ сынады.