$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Полицейлер марқұмның денесін екі ай бойы мәйітханада ұстап, белгісіздер зиратына жерлеген

15.05.2025ж. 20:00
42
Полицейлер марқұмның денесін екі ай бойы мәйітханада ұстап,  белгісіздер зиратына жерлеген

Ақтөбеде полицейлер суға кетіп көз жұмған марқұмның денесін екі ай бойы мәйітханада ұстап,  кейін белгісіздер зиратына жерлеген. Ал оны күні-түні іздеген  жақындары бұл туралы үш күннен кейін ғана естіпті. Қала тұрғыны былтыр Қарғалы өзеніне батып көз жұмған. Бұл оқиға бойынша  Қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған,бірақ марқұмның туыстарына хабар бермеген көрінеді.   

ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Талап қоюшылар жауапкерлердің әрқайсысынан 2 миллион теңге көлемінде моральдық зиян ретінде өтемақы өндіруді сұраған. Соттың шешімімен Ақтөбе облысы Полиция департаментінен әр талап қоюшының пайдасына 300 мың теңге өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.