Енді полиция түрмеден шыққан педофилдерді өмір бойы бақылауда ұстауы мүмкін. Ішкі істер министрлігі жаңа заң жобасына осы норманы енгізбек. Қолданыстағы заңнама бойынша әрбір педофил 8 жыл бойы тәртіп сақшыларының қадағалауында болады. Заң жобасы мақұлданса полиция құқық бұзушылықты тағы қайталауы мүмкін деген күдікпен сотқа үздіксіз өтініш түсіріп, қылмыскерді бақылау мерзімін ұзарта береді. Осылайша өмірінің соңына дейін тіркеуде тұрады. Сондай-ақ, жазасын өтеп шыққандарға шектеулер күшейеді.
ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз оның, айталық, мектептердің немесе басқа да балалар білім беру мекемелерінің маңында болуына тыйым сала аламыз. Шектеуді сот белгілейді, егер біз оны сол жерде көрсек, бірден әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін жауапқа тартамыз. Тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар. Біз түнде үйден шығуға тыйым сала аламыз.