$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Ұлытау облысында соңғы бір жылда соқырішектен қайтыс болған 3 адамның туыстары дәрігерлерді жауапқа тартуды сұрайды

15.05.2025ж. 20:00
62
Ұлытау облысында соңғы бір жылда соқырішектен қайтыс болған 3 адамның туыстары дәрігерлерді жауапқа тартуды сұрайды

Ұлытау облысына қарасты  Жаңаарқа аудандық ауруханасы дәрігерлерінің қолынан соңғы бір жылда соқырішектен 3 бірдей адам қайтыс болған. Алайда ешкім жауапқа тартылмаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, мекемедегілердің көбі-  егде жаста. Дұрыс емдей алмайды. Жалпы бұл ауруханада 40- тан астам зейнеткер жұмыс істейтін көрінеді.  

Алдымен мұнда орта жастағы әйел, былтыр 19 жастағы бозбала, ал жуықта 4 баласы бар 40 жастағы келіншек көз жұмды. Біреуі дәрінің көп құйылуынан, енді бірі диагноздың дұрыс анықталмауынан. Оның барлығы сараптамада расталған. Қазір бозбаланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Іс әлі сотқа жетпеген.

МЕРУЕРТ ТАМАБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Жарайды мен анамын. Бір балам кетсе басқа балаларым бар. Бірақ 4 бала анасыз қап отыр.Қалай шыдап отырғанын білмеймін? Мен тоқтамайм, пока ол кісі сотталғанша тоқтамайм.


Операция жасаған дәрігер 70 тен асқан қарт екен. Жалпы ауруханада 40 тан астам зейнеткер жұмыс істейді. Жас мамандар келеді, бірақ көп тұрақтамайды.Егде жастағы дәрігерлер оларға қысым жасап тоқтатпайды,- дейді тұрғындар.

МАНАС ӘБДІҒАЗИМОВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қашанғы біздің жақындарымыз өле береді? Ем- дом қабылдаған кезде элементарный ошибка жібереді. Мұхамед деген хирург болды. Елдің алғысына бөленіп, қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Онымен бір жас хирург болды. Оларды келіп шантаж жасап жұмыстан қуып жіберді. Енді қазіргі жағдай мынау.


40 -тағы келіншектің өлімінен кейін аурухана басшылығы екі айға қызметінен уақытша босатылған. Мекеме директоры да қателіктерін мойындады.

ЕРЛАН БАЗАРБЕКОВ, ЖАҢААРҚА АУДАНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Дәрілер тұрып қалған екен. Өйткені қазіргі уақытта ана жақта сол корпуста құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сол күні қиындық туғызып, склад көшіріліп жатқан бір жерге. Одан кейін енді жұмыстан шеттетілді. Зам,хирург,анестезиолог және мен.


Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға алғашында ескерту жасаумен шектелген. 3 бірдей қазадан кейін ғана   зейнеткерлерді жұмыстан шығаратын болды.

ЕРКЕБҰЛАН БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайғылы оқиғадан кейін Ұлытау облысы басшысының нұсқауымен біз мониторинг топ құрып, денсаулық сақтау басқармасынан осы жерге келіп жұмыс жасадық. Әрине қателіктер бар медицина саласының қызметкерлерінде.


Енді 1 айдың ішінде 40 ардагер жұмыстан кетеді. Тек 3-еуі ғана келісімшартпен қалады.  Ұлытауда 60 дәрігер жетіспейді.