$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Мемлекет қаржысын жымқырған оралдық кәсіпкер қамалды

15.05.2025ж. 20:00
64
Мемлекет қаржысын жымқырған оралдық кәсіпкер қамалды

Оралдық кәсіпкер мал басын көбейт деп мемлекет берген ақшаға монша салып, қымбат көлік мінген. 150 миллион теңгені қара басының қамына жұмсаған ол енді сот алдында жауап бермек. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше, күдікті «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 126 млн теңге несиені заңсыз рәсімдеген. Бұл ақшаға мал басын көбейтудің орнына қымбат көлік пен сауна , тіпті сауда үйін салған. Қазынадан қаржы қымқырып дәндеген ол агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға жалған ақпарат беріп, 24 млн теңге субсидияны тағы қалтаға басқан. Бұл үшін асыл тұқымды сиыр сатып алғаны туралы жалған құжат тапсырыпты. Тіпті ұрлықпен тапқан мүлкін басқаның атына рәсімдеп, айласын асыруға тырысқан.

ЛАУРА ОРАЗҒАЛИЕВА, БҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке, яғни 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және «Exeed LX» маркалы автокөлікке тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.