Жамбылда жылқы мен сиырды ұрлап, тау асырып жатыр. Тіпті арасында асыл тұқымдылары бар. Барымташылардың жолы болмады. Ізге түскенін байқап, малды таудың етегіне тастап, қашып кеткен. Жыл басынан бері құзырлылар қолды болған 400 бас малды кері қайтарған.
МАҚСАТ ШӘКЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ КҮЗЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Рейдтік шаралар ұйымдастыру барысында Түйе қарын шатқылында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуге дайындалған 64 бас ірі қара мал ұсталды. Қазіргі уақытта иелерін және күдікті адамдарды іздеуге процесуалдық шаралар ұйымдастыруда.