Самокат пен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағылмайтын болды. Оның орнына сырғуыштың идентификациялық нөмірінің көлемі ұлғайтылады. Қос дөңгелекті тепкішек тізгіндеп жүріп ереже бұзғандар осы нөмір арқылы анықталып, жазаланбақ. Бүгінде мұндай шара көршілес Ресейде қолданыста бар. Айтуынша, өзгеріс оң нәтиже көрсеткен. Негізінен, біздегі самокаттардың бәрінде біріздендіру нөмірі бар. Бірақ өте кішкентай, көзге көрінбейді. Соның салдарынан тәртіп бұзғандарды ұстау қиынға соғуда. Айта кетейік, былтыр мопед пен электр самокаттардың кесірінен 1700 адам жапа шеккен.
ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Самокат тізгіндеген жолаушы жаяу баланы қағып кеткен болса, қандай нөмірі бар самокат екенін көрінетіндей болу керек. Біз сол мәлімет бойынша агрегатордан оқиға болған уақытта кім тепкенін сұратамыз. Осылайша жол ережесін бұзған адам жауапқа тартылады.