$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Қостанайда бір күнде 10 адамды ит қапты

15.05.2025ж. 20:00
57
Қостанайда бір күнде 10 адамды ит қапты

Қостанайда қаңғыбас ит қаптап кетті. Қала тұрғындары дабыл қағуда. Төрт аяқтылардан  бір күнде он шақты адам зардап шеккен. Адамға атылған бұралқылар арасында қарғыбауынан  босап кеткен қабаған  иттер бар  көрінеді. Зардап шеккен адамдар ит иесін жауапқа тартуды сұрап отыр. Жыл басынан бері 626 аймақ тұрғынын ит қапқан.  

Қалалық ауруханаға бір апта ішінде 36 адам жүгініпті. Анастасия Яцкевичті де  тапа - тал түсте ит қапқан. Оның айтуынша, қабаған ит қарғыбауынан босап кеткен.Енді  иесін жауапқа тартуды талап етіп отыр.

АНАСТАСИЯ ЯЦКЕВИЧ, ЗАРДАП ШЕГУШІ:

Кеше түс кезінде қала орталығындағы Гоголь және Қасымханов көшесінің қиылысында күтпеген жерден маған атылды. Қатты шошып қалдым.Мені қапқан питбуль тұқымдас ит екен.Дереу ауруханаға барып, екпе салдырттым.Менен басқа тағы 12 адам жапа шеккенін  білдім.


Соңғы кездері бұралқы иттер қала орталығында қаптап кетті. Тіпті тұрғындар саябаққа серуендеуге сескеніп отыр.Баласын мектепке жалғыз жібермей, жетектеп жүруге мәжбүр.  

БЛИЦ:

- Кішкентай балалар сабаққа барғанда, дүкенге шыққанда тек ғана балалар емес үлкен кісілерге де атылуы мүмкін.Сондықтан шұғыл қарастырып, облыс көлемінде ұйым ашып па, күресу керек.
- Қаланың орталығында саябақ көп, жұмыстан  кейінгі уақытта адамдар демелатын орын. Кішкентай балалар серуендейтін жер дегендей. Бұл мәселені құзырлы органдар өз назарына алып, тез шешпесе  арты оқыс оқиғаларға жалғасып кетуі мүмкін.


Қаладағы қаптаған итті аулау, вакцина салу, зарарсыздандыру  жұмыстарымен  қоғамдық бірлестік айналысып жатыр. Жыл соңына дейін екі мыңға жуық бұралқыны ұстап, екпе егіп, ен салмақ. Қазірдің өзінде 500-ге жуық иесіз ит қамалған.

ОЛЬГА СОЛОВЬЕВА, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін қабаған иттің біреуін ұстадық. Сол төңіректегі қалған төрт аяқтыларды аулау жұмыстары жалғасып жатыр. Питбул тұқымдас ит. Оның иесі бар. Ит үнемі бос жүреді. Бірақ сол иттің адам қапқанын әзірге дәлелдей алмай отырмыз. Полицияға арыз жазылды.


Былтырғы су тасқынынан кейін  жағалауға жақын маңдағы тұрғындардың көбі пәтерге қоныс аударды. Жеке сектордағы адамдардың үдере көшуінен көше кезген иттер күрт  көбейді дейді, кинологтар. Жыл басынан бері 626 аймақ тұрғыны жапа шеккен.

КҮМІС АЛПАМЫС, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

2025 жылдың алғашқы төрт айында 923 адам антирабиялық көмекке жүгінді. Соның ішінде 221 адам балалар мен жасөспірімдер. Иттерден зардап шеккендер саны 626.Қаңғыбас иттерден 400-ге жуық адам жапа шекті.


Итке таланған тұрғындардың түгеліне вакцина салынды.Құтырма індетін жұқтырмас үшін алдын ала екпе алған дұрыс, дейді мамандар. Облыста қауіпті вируске шалдығу фактісі  он жыл бұрын тіркелген.