Тұсау кесу де кәсіпке айналды. Танымал тұлғалар бұл іс үшін біраз ақша сұрайды. Ставкалары 100 доллардан басталып, мың долларға дейін барады. Одан қалды бізде «оптом» тұсау кесер деген түсінік пайда болыпты. Баланың ақ жолын көк қағазбен өлшеп жүргендер туралы Аружан Задабек «Өзекті» айдарында толықтырады.
Қайырлы кеш, көрермен! Көптің көңілінде жүрген тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс етпеңіз.
«Балам – балым» деген әр адам ұрпағының болашағы үшін алаңдайды. Мықты азамат болсын деп барын салады. Ел алдында жүрген тұлғалардың жолын бернсін деп арнайы тұсауында кестіреді. Бұл қызмет қазір ақылы. Теп-тегін жіпті үзетіндерді табу қиын. Мәселе ақшадан әрі аспаса мейлі ғой. «Оптом тұсау кесер» деген де шығыпты. Депутат Дәулет Мұқаев кезінде осы ісі үшін біраз хейттің асында қалып еді.
БЛИЦ:
- Бізде таңқалатын ештеңе қалмады ғой.
- Ақша көп. Не істерлерін білмей жүрген құтырғандар ғой.
- Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді. Тұсау кесу нәрестеге арналған ырым еді.
Үлкен адамдардың өзі өз тұсауын танымал тұлғаға кестіруге әуес. Ол былай тұрсын, соңғы кездері күйеуге шыға алмай жүрген қыздар да тұсау кестіретін болған. Үйлену демекші, елде шаңырақ құрғысы келетін жастардың қатары күрт азайып кеткен. Биыл алғашқы үш айда шамамен 22 мың отбасы құрылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға аз.
БЛИЦ:
- Тұрақты жұмыс жоқ. Үйленгеннен кейін огтбасыңды асырай алуың керек.
- Махрге лексус сұраса кім үйленеді?
- Дені дұрыс, миы бар жігіт жоқ. Сол үшін тұрмыс құрмаймыз.
Қолыңыздағы смартфон тіркелген бе? Бұл бей-жай қарайтын мәселе емес. Қазір тексермесеңіз, 25 мамырдан кейін ресми тіркеуден өтпеген құрылғылар бұғатталады. Биыл наурыздан бастап Қазақстанда смартфондарды IMEI-код арқылы тіркеудің жаңа тәртібі енгізілген. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда шамамен ІМЕІ коды қайталанған 3,7 млн телефон бар.
БЛИЦ:
- Тыныштық беріңдерші.
- Ауа жұтуға бола ма?
- Сақ болыңдар! Осындай сәтте алаяқтар жұмыс істейді.
Құрметті көрермен, бүгінге осы. Сау болыңыздар!