$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Қазақстан мен Армения арасында экономикалық өзара іс-қимыл нығайып келеді

Қазақстан мен Армения арасында экономикалық өзара іс-қимыл нығайып келеді

Қазақстан мен Армения арасында экономикалық өзара іс-қимыл нығайып келеді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Армения Ұлттық жиналысының Төрағасымен кездесуде осылай деді. Сенат спикері екі ел арасында сындарлы және сенімді диалог қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшылары белгілеп берген өзара іс-қимылдың қалыптасқан қарқынын әрі қарай сақтаудың маңызды екені сөз болды. Биыл қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық барысы да қозғалды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетіне де тоқталды. Көлік және логистика, энергетика, IT сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Армения Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонян Қазақстанның бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін халықаралық бастамаларына жоғары баға беріп, көпжоспарлы өзара байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.