$509.51 €570.6 ₽6.3
×

"Қазақстандықтар жылына 4 келі ғана балық тұтынады", - сенатор

15.05.2025ж. 20:00
84
"Қазақстандықтар жылына 4 келі ғана балық тұтынады", - сенатор

Қазақстандықтар жылына 4 келі ғана балық тұтынады. Бұл -Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан әлдеқайда төмен. Еліміз балық экспортынан да ең төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Саланы өркендету үшін аквашаруашылықты дамыту маңызды. Өйткені жаһандық балық өнімдерінің 53%-ы  серіктестіктер есебінен өндіріледі. Оған әлеует те жеткілікті дейді депутаттар.

АРМАН ӨТЕҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бізде халықаралық және республикалық маңызы бар 20, жергілікті маңызы бар 3 мыңға жуық су айдындарында аквашаруашылықты дамытуға болады. Каспий теңізін есептемегенде, еліміздің су айдындарының жалпы көлемі 5 миллион гектарды құрайды.


Сенат  «Аквашаруашылық туралы» заңды талқылады. Құжатта аквашаруашылық субъектілері қызметінің түрлері, балық шаруашылығы су айдынын немесе учаскесін конкурстық және конкурстан тыс негізде бекіту тәртібі нақтыланған. Жобаны талқыға салған сенаторлар бірқатар толықтырулар мен ұсыныстар енгізу үшін заңды Мәжіліске кері қайтарды.