Қазақстанның жаңа салық кодексі әділетті жүйеге жақындады. Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт осылай дейді. Айтуынша басты назар олигархтар мен ірі бизнеске салықтық жүктемені арттыруға қойылған. Бұл тәсіл халықтың түрлі топтарының арасындағы алшақтықты азайтып, олардың салық алдындағы жүгін жеңілдетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетін толтырумен қатар, әлеуметтік әділдікті нығайтуға мүмкіндік артады дейді мәжілісмен.
РИНАТ ЗАЙЫТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Неғұрлым басымдықты осал топтарға жеңілдіктермен, жаңағы байлар деп алайықшы енді, жағдайы бар адамдардың кішкене көбірек салыққа салмақ түсіруіне акцент бердік. Сіз өзіңізге артықшылық талап ететін болсаңыз, артық үй, артық көлік, не болмаса басқасы болатын болса оның салығы көбейе береді, ол құптарлық жағдай.