$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Шымкентте тазалық шарасы жалғасуда

Шымкентте тазалық шарасы жалғасуда

Шымкентте  «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен  «Таза бейсенбі» тазалық акциясы өтті. Қаратау ауданында өткен  шараға  100-ге жуық адам жұмылдырылды.  Бір бөлігі Нұртас мөлтек ауданына қарасты  көшенің бірін қоқыстан тазартып, бейберекет өскен шөптерді орып, бұталар мен ағаштарды ретке келтірді. Нәтижесінде, 1 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы техникамен сыртқа шығарылды. Экологиялық акция апта сайын тұрақты түрде өткізіледі.   

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2024 жылдың өзінде 30 рет өткізіліп, 33 тоннадан астам қоқыс тазартылған болатын. Бүгінде 2025 жылдың басынан бастап 17 рет ұйымдастырылып, 16 тоннадан астам қоқыс қаладан тазартылды. Әлі де бұл жұмыс жалғасатын болады.